Экология министрлігі Қапшағай жағалауындағы табылған екпе қалдықтары мен басқа да пайдаланылған қалдықтардан жиналған қоқыстарға қатысты түсініктеме берді.
Қапшағай қаласы Шығыс шағын ауданы жағалауының аймағында табылған медициналық қалдықтар кәдеге жаратылды.
«Алматы облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Қапшағайға барды. Сапар кезінде қала әкімдігі мен «Қапшағай Көркейту» ЖШС жағалауда тазалау жұмыстарын жүргізгені анықталды, содан кейін қалдықтар (пайдаланылған шприцтер, жүйелер және т.б.) одан әрі кәдеге жарату үшін полигон аумағына уақытша жеткізілді», — деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық қалдықтар «МВ Арна» ЖШС мамандандырылған ұйымында кәдеге жаратылған.
Жергілікті полиция қызметі аталған қалдықтардың иелерін анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде, — деп толықтырды хабарламада.