Эдвард Сноуден Ресей азаматтығын алды

Эдвард Сноуден АҚШ-та бүкіл әлем бойынша елдің арнайы қызметтері жаппай бақылайтынын айтып бергені үшін 36 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері 27 елден баспана сұрағанын айтқан болатын.

Ресей президенті Владимир Путин америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденге Ресей азаматтығын берді. Аталған құжат РФ құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

«РФ Конституциясының 89-бабының «а» тармағына сәйкес қаулы етемін: 1983 жылы 21 маусымда Америка Құрама Штаттарында дүниеге келген Сноуден Эдвард Джозеф Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдансын», — делінген құжатта.

2013 жылы АҚШ-тағы ҰҚА-нің бұрынғы қызметкері тыңшылық жасады деп айыпталды, егер елге оралса, ол 30 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сноуден журналистерге американдық арнайы қызметтердің жұмысы туралы, атап айтқанда, телефон арқылы сөйлесулерді тыңдайтыны және америкалық азаматтар мен басқа да елдердің көшбасшыларының электрондық хат алмасуларын бұзатыны туралы бірқатар құпия құжаттарды берді.

Бұған дейін берген сұхбатында ол Германия мен Польшаны қоса алғанда 27 елден баспана сұрағанын айтты, бірақ олар АҚШ тарапынан қарымта шаралардан қорыққан.

2014 жылдың тамыз айында Эдвард Сноуден РФ-да үш жыл тұруға рұқсат қағазын алды, содан кейін оған мерзімсіз тұруға рұқсат қағазын берді. Осы уақыт аралығында арнайы қызметтердің бұрынғы қызметкері қайда тұрып жатқаны хабарланбайды.

 

Добавить комментарий