Мемлекеттік сайлау комиссиясы (МСК) жариялаған сайлаудың түпкілікті нәтижесіне сәйкес,, Яков Милатович екінші турда 58,88% дауыс жинап, Черногория президенті лауазымына сайланды.
Милатович 222 592 дауыс жинады. Бұрынғы президент Мило Джуканович 154 769 дауыс немесе 41,12% жинады.
Сайлауға келу 70,7%-ды құрады, 542 мыңнан астам адамда дауыс беру құқығы болды. Черногорияның конституциясына сәйкес, президент екі мерзімнен артық сайлана алмайды және негізінен өкілдік қызметтерді атқарады, алайда оның министрлер кабинетін құруда және премьер-министр кандидатурасын ұсынуда маңызды рөл атқарады.