Израильге көмек: АҚШ өкілдері палатасы $14 млрд көлемінде қаржылай көмек көрсету үшін заң жобасын әзірлеп жатыр

АҚШ Өкілдер палатасы Израильге $14,3 миллиард көлемінде қаржылай көмек көрсету туралы заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды The Hill. Аталған заң жобасы «Темір күмбез» мен «Давидтің итарқасын» қоса алғанда, израильдік қорғаныс жүйесін қаржыландыру үшін $4 млрд, сондай-ақ «Темір сәуле» қорғаныс жүйесін әзірлеуге $1,2 млрд бөлуді көздейді. Алайда бұл бастаманы жүзеге асыру былтыр қабылданған салық, денсаулық сақтау және климат саласындағы демократтардың заң жобасында көзделген қаржыландыруға әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Израильге көмек көрсету туралы заң жобасы бір заңнамалық акт аясында Украина мен Израильге көмек көрсетуді біріктіруді көздейтін Ақ үйдің стратегиясына сәйкес келмейді. Бұл заң жобасының қабылданыун қиындатуы мүмкін, деп жазады The Hill. Өкілдер палатасының регламент жөніндегі комитеті бұл заң жобасын сәрсенбі күні қарастыруды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, өткен аптада өкілдер палатасы Израильді қолдайтын және радикалды палестиналық ХАМАС қозғалысын айыптайтын резолюция қабылдады, бұл Майк Джонсон палата спикері болып сайланғаннан кейінгі алғашқы заңнамалық акт болды.

Добавить комментарий