ХАМАС қозғалысы өкілдерінің Мәскеуге сапары әлемдік БАҚ пен саяси ала4да кең резонанс тудырды. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова ХАМАС мүшелерінің Ресейге келгенін растап, кездесу барысында кепілге алынған адамдарды босату және шетелдік азаматтарды Газа секторынан эвакуациялау сияқты маңызды мәселелер талқыланғанын хабарлады.
ХАМАС өкілдерінің ресейлік дипломаттармен кездесуі Палестина-Израиль арасындағы қақтығыстың шиеленісуі аясында өтті. Соңғы бірнеше апта ішінде ХАМАС жауынгерлері мен Израиль әскері бір-бірін атқылап, салдарынан бейбіт халық арасында айтарлықтай шығын болды.
Ресей СІМ өкілі байланыстар мен келіссөздер жалғасатынын және олар өңірдегі күрделі мәселелерді шешуге бағытталғанын хабарлады.
Алайда, Израиль аталған сапарды қатаң сынға алды. Израильдің Сыртқы істер министрлігі ХАМАС-ты лаңкестік ұйым деп атап, Ресейді аталған қозғалыс өкілдерін дереу елден шығаруға шақырды. Израиль Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде өңірдегі қантөгіс пен зорлық-зомбылық актілері үшін ХАМАС жауапты екені аталып өткен.
Ресей Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуда белсенді қатысушы болып қала береді және ХАМАС өкілдерімен бұл кездесу қақтығысты шешуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Әлемдік қоғамдастық осы өңірдегі оқиғалардың одан әрі дамуын мұқият бақылап отыр.