Израиль мен Бахрейн дипломатиялық қарым-қатынас орнатады

Бахрейн корольдігі мен Израиль АҚШ-тың делдал ретінде тікелей қатысуымен дипломатиялық басымдылық орнату туралы келісімге келді.

Келісімге қатысушы тараптардың бірлескен мәлімдемесін АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«АҚШ президенті Дональд Трамп, Бахрейн королі шейх Хамад бен Иса Әл Халифа және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бүгін телефон арқылы сөйлесу барысында Израиль мен Бахрейн арасында толыққанды дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы келісті, — делінген құжатта. Екі серпінді қоғам мен дамыған экономикалар арасындағы тікелей диалог пен қарым-қатынастың басталуы өңірдегі оң өзгерістерді жалғастырады, тұрақтылықты, қауіпсіздікті нығайтады және Таяу Шығыстағы гүлденуді қамтамасыз етеді».

«Бахрейн Корольдігі Дональд Трамптың 15 қыркүйекте Ақ үйде Израиль мен БАӘ арасындағы қол қою рәсіміне [қарым-қатынастарды толықтай қалыпқа келтіру туралы келісімге] қатысуға шақыруын қабылдады, онда Беньямин Нетаньяху мен Бахрейн сыртқы істер министрі Абдель Латиф аз-Заяни [сонымен қатар] тарихи бейбітшілік декларациясына қол қояды”; — делінген мәтінде.

Бұған дейін Бахрейннің мұрагер ханзадасы Сальман бен Хамад бен Иса Әл Халифа келесі аптада Вашингтонға барады деп хабарланған болатын. БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ соңғы екі аптада Бахрейнге БАӘ үлгісіне сүйенуді ұсынып, ықпал еткен.

«[Америка көшбасшысының күйеу баласы және аға кеңесшісі] Джаред Кушнер мен Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Манамаға сапары барысында Бахрейн королі мен мұрагер ханзададан Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы сұрады», — деп атап өтті портал.

Ақ үй түсініктемесі

Бұл ретте Кушнер Бахрейн мен Израильдің екіжақты қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру аясында қандай артықшылықтар алатындығын нақты айтпады.

Телефон брифингінде Кушнерге Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қоныстарға қатысты мәселенің тоқтап қалуына, сондай-ақ Бахрейнге қару-жарақ беруге үміт артуға бола ма деген сұрақ қойылды.

«АҚШ екі елмен де қарым-қатынас орнатқан, біздің Бахрейнде белсенді өкілдеріміз бар. Біз өңірдегі қауіпсіздік пен ортақ мүдделер мәселесінде нығайту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», — деп жауап берді ол. Бахрейнде Құрама Штаттардың 5-ші флоты орналасқан.

«Толығырақ айтатын болсақ, Израиль мен Бахрейн өзара байланыста болған жоқ. Біз басшылық деңгейінде жетістікке қол жеткіздік, енді адамдар жұмыс деңгейінде ынтымақтаса алады, бірін-бірі тани алады, мүмкіндіктерді талқылай бастайды», — деді президент кеңесшісі.

Оның айтуынша, сауда-саттыққа қажетті уағдаластықтар мен келісімдер жүзеге асырылған кезде көбірек мағлұматтар пайда болады.

Иранның келісімге қол қоюға деген реакциясы түсініксіз әрі біржақты болды. Иран парламенті спикерінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Хоссейн Әмір Абдоллахиян өзінің Twitter парақшасында «Бахрейн тарапынан Израильмен қарым-қатынастың қалыпқа келуі ислам мен палестиналықтардың ісіне сатқындық болып табылады», — деп жазды.

 

Добавить комментарий