Із-түссіз жоғалған 17 жастағықыз табылды

Бірнеше күн бойы ата-анасы, еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестірген жасөспірім қыз Алматы облысында табылды.

Наурыз айының соңында Қарасай АПБ-ге Жаңатұрмыс ауылының 37 жастағы тұрғыны 17 жастағы қызының жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел уәкіл қызметкерлері сол күні анасы қызын бөлмесін жинамағаны үшін ұрысқанын анықтады. Бұл үйінен жасырын қашып кетуге себеп болған. Іздеу жұмыстарына тәжірибелі іздестірушілер мен еріктілер жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыз бір аптадан кейін Талдықорған қаласы «Самал» шағын ауданынан табылды. Қыз баламен әңгімелескеннен кейін ол келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, біраз уақыт Алматыда тұрғанын, содан кейін Талдықорғанға өзінің танысына келгенін айтты.

Із-түзсіз жоғалған қыздың анасы полиция қызметкерлері мен еріктілерге қызметтік және азаматтық борышын кәсибі орындағаны үшін алғысын білдірді.

Добавить комментарий