Италиядан Алматыға кондитерлік өнімдер ретінде құмысқалары бар пробиркалар әкелінді

Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылау жүргізу барысында ерекше жағдай анықталды.

Кондитерлік өнімдердің орнына қораптан жеті пробирка және ішінде тірі жәндіктер бар 22 пластикалық контейнер табылды.

Бұл Италиядан Алматыға құмырсқаларды заңсыз әкелу әрекеті екені анықталды. Қорап иесінен тірі жәндіктерді әкелуге рұқсат құжаттарының болмауы Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды әкелу ережелерін бұзады.

Әуежай кеденінің қызметкерлері заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесу үшін шаралар қабылдады. Өз кезегінде, Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті бұл оқиғаға қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органға жолданғанын мәлімдеді.

Добавить комментарий