Италия мен Франция Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешендерін беру бойынша жұмысты жалғастыруда

Италия Франциямен бірге Украинаға SAMP/T зениттік зымыран кешенін беру бойынша дайындықты аяқтап жатыр.

Бұл туралы Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Таяни Corriere della Sera-ға берген сұхбатында мәлімдеді.

«Италия Украинаға қорғаныс саласында шамамен 1 миллиард еуро болатын 5 көмек пакетін ұсынды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қамтитын алтыншы пакет дайындалуда… Франциямен бірге SAMP-T жөнелту жұмыстарын аяқтадық және құпия жұмыс істеп жатқан басқа да жұмыстарымыз бар», — деді Тайни.

СІМ басшысы қазіргі этапта соғысты тоқтату туралы келіссөздердің жүргізілуі мүмкін емес екенін мәлімдеді.

«Ағымдағы кезеңде қақтығыстың толықтай аяқталуына қатысты нақты шешім жоқ, бұл қос тарапқа келіссөз жүргізуге септігін тигізбеуде. Алдағы уақытта логистика мен әскери жабдықтау қажеттілігі Киев пен Мәскеу үшін басты факторға айнала бастайды. Азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан қақтығыстың жаһандық салдары бары баршаға аян. Ортақ мақсат пен халықаралық серіктестермен барынша ынтымақтастық ағымдағы кезеңде өте маңызды», — деді ол.

Добавить комментарий