Италия билігі халықаралық бақылаушылардың жаңа желісін құру қажеттігін мәлімдеді.
Римнің пікірінше, халықаралық бақылаушылар халықтардың өзін-өзі айқындау құқығына құрметпен қарап, ашық түрде әрекет етуі тиіс.
Италиялық халықаралық бақылаушы, дипломат, Халықаралық дипломатиялық обсерваторияның негізін қалаушы Вито Гриттани Ресейге Донецк және Луганск халық республикаларында (ДХР және ЛХР), Запорожье және Херсон облыстарында қосылу жөнінде референдумдардың барысын қадағалаған халықаралық бақылаушылардың баспасөз конференциясы барысында осыған шақырды.
«Батыстың өздеріне қажеттіні трансляциялау үшін әртүрлі батыстық емес елдерге жіберетін бақылаушылар желісі барын ескере отырып, біз халықаралық құқық пен халықтардың өзін-өзі айқындау құқығын құрметтейтін халықаралық бақылаушылардың жаңа желісін құру қажеттігін көріп отырмыз», — деді ол.
Гриттани әр түрлі елдердегі достарымен сөйлескенін және олар бұл идеяны қолдайтынын айтты. Дипломат ойлағанын қысқа мерзімде іске асыруға уәде берді.