ISW сарапшылары «Вагнер» ЖӘК-нің жеңістеріне қатысты пікір білдірді

Америкалық зерттеушілер «Вагнер» ЖӘК-нің Украина аумағындағы Ресей әскерінің жеңістеріндегі рөлін асыра сілтеп көрсетілгенін мәлімдеді.

АҚШ-тың соғысты зерттеу институтының (ISW) сарапшылары «Вагнер» тобының жауынгерлері Донбасстағы жетістіктерін асыра сілтеп, өздерін марионетикалық және қарапайым ресейлік әскерилерден артық көреді деп санайды.

ISW мамандары «Вагнер» Кремльдің сүйікті әскери құырылымы деген беделін нығайту үшін ресейліктердің Бахмут төңірегіндегі жетістіктерін иемденіп алғанын еске салды.

Институт сондай-ақ «Вагнер» осыған ұқсас нәтижеге қол жеткізу үшін Белогоровканы басып алғанын алға тартуы мүмкін деп болжап отыр.

Добавить комментарий