Испанияда эвтаназия заңдастырылды

Испанияда ресми түрде эвтаназияға рұқсат берілді. Билік бірқатар формальдылықтарды сақтай отырып, өмір мен өлім аузында жатқан науқастар мен ауыр жарақат алғандарға аталған рәсімді заңдастыру туралы заң қабылдаған әлемдегі алтыншы ел.

Бейсенбі күні парламенттің төменгі палатасы орталық және солшыл партиялардың қолдауымен заң жобасын мақұлдады.

Бұл заң «ауыр және емі жоқ» ауруларға шалдыққан егде жастағы адамдарға «үнемі азаптардан» құтылу үшін өмірін қиюға мүмкіндік береді. Испания эвтаназияны заңдастырған Еуропадағы төртінші ел болды.

«Бүгін біз салықалы, әділетті және еркін шешім қабылдадық. Қоғамның кеңінен сұранысқа ие болған эвтаназия туралы заңы ақыры шындыққа айналды», — деп жазды Испания премьер-министрі Педро Санчес дауыс беруден кейін бірнеше минут өткен соң Twitter-дегі парақшасында.

Испан парламентінің төменгі палатасының заң шығарушылары 202-сі «қолдап» дауыс берсе, 141 «қарсы» дауыс берді, 2 дауыс қалыс қалды. Санчес социалистік партиясы басқаратын Испанияның коалициялық үкіметі басқа партиялардың қолдауына ие болды.

Заң маусым айында күшіне енеді деп күтілуде. Заң қабылданғанға дейін Испанияда өз еркімен өмірден өтуге көмек көрсеткені үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Эвтаназия тек Бельгия, Люксембург, Нидерланд, Канада және Колумбияда ғана заңды болып табылады.

Добавить комментарий