Испания Ауғанстанға көмек ретінде €20 млн бөлетінін мәлімдеді

Испания СІМ басшысы ел билігі Ауғанстанға көмек көрсету үшін €20 млн бөлуге ниетті екенін мәлімдеді

Испания елдегі дағдарысқа байланысты Ауғанстанға қаржылай көмек ретінде €20 млн бөлетінін мәлімдеді.

Аталып өткендей, 2021 жылы кемінде €7 млн түседі. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес мәлімдеді.

Испания билігі Ауғанстандағы дағдарысқа байланысты гуманитарлық көмек көрсету мақсатында шамамен €20 млн бөледі. Бұл туралы дүйсенбі күні Испанияның сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес Ауғанстан бойынша донорлық конференцияда бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

«Испания дағдарысқа байланысты гуманитарлық көмек ретінде €20 млн бөледі, кемінде €7 млн-ы биыл түседі», — деді ол.

Министр халықаралық қауымдастықты «гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін ауған халқына шұғыл түрде көмек көрсетуге» шақырды. Альбарес сондай-ақ Ауғанстан халқын қолдау үшін «іс-қимыл жоспарын» әзірлеу қажет екеніне назар аударды. Сонымен қатар, ол елдегі гуманитарлық көмек үшін қауіпсіз жағдайды және осы бағыттағы халықаралық қоғамдастықтың келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Гуманитарлық көмектің шынымен де мұқтаж адамға берілуіне көз жеткізуіміз керек, — деді Альбарес. — Ауғанстанда қыздар мен әйелдер халықтың осал тобына жатады».

Добавить комментарий