Испан ғалымдары: «Пандемия адамзаттың 20,5 млн жылдық өмірін жалмады»

Помпеу Фабра университетінің испан ғалымдары зерттеу жүргізіп, коронавирус пандемиясы қанша жылдық өмірді жалмағанын санады.

“Біз 81 елде COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың жоғалтқан жылын есептедік, сондай-ақ болжамды басқа өлімдер негізінде талдау жүргіздік”, — делінген зерттеуде.

Жалпы алғанда, 81 елде індеттен 1 279 866 адам қайтыс болған, COVID-19-дың кесірінен адамзат 20 507 518 жылын жоғалтты.

Өз формуласында мамандар 81 елде КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санын алып, көз жұмған адамның жасы мен өмір сүру ұзақтығын салыстырды.

Сондай-ақ, COVID-19 тәжірибесінде гендерлік айырмашылық байқалатыны белгілі болды. Өлім-жітім санағын жүргізген елдердің іріктемесінде ер адамдар әйелдерге қарағанда 44%-ға көбірек қайтыс болған.

Қазіргі таңда, бүкіл әлемде тіркелген КВИ жағдайларының саны 110 миллионнан асты.

Добавить комментарий