Иранда COVID-19 қарсы вакцина жетіспеуде

Иран билігі елде COVID-19 қарсы иммундық профилактиканы жүргізу үшін вакцина жетіспеуде деп хабарлады.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Журналистер елдегі екпе жасау науқаны сәтсіз аяқталғанын айтты. Қазіргі таңда 80 млн адамның тек үш миллионы екпе алды, бұл халықтың 4%-ын құрайды. Дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне қарамастан, елдің жоғары лауазымды шенділері Ұлыбритания мен АҚШ-тан гуманитарлық көмек ретінде жеткізбек болған Pfizer және AstraZeneca вакциналарын бас тартты.

Иран билігі санкцияға байланысты шетелдік вакциналарды сатып ала алмауда. Дегенмен, елде дәрі-дәрмектер қара нарықта сатылады, онда екпе салдыруға ниет білдіргендер $1350-ға Pfizer вакцинасының екі компонентін алды. Жалпы Иранда заңды түрде төрт вакциина қолжетімді: ресейлік «Спутник V», қытайлық Sinovac, сондай-ақ AstraZeneca және ирандық COVIran Barakat.

Добавить комментарий