Америкалық бизнесмен Эмад Шарги Иран билігі тарапынан тыңшылық жасады деп айыпталып, 10 жылға сотталды. Бұл туралы Шарги отбасының досы жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап, жексенбі күні кешке NBC телекомпаниясы хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, Иран билігінің мұндай әрекеттері жаңадан сайланған президент Джозеф Байденнің болашақ әкімшілігі тарапынан «егер бұл режим 2015 жылғы ядролық келісім шарттарын сақтауға қайта оралса, Тегеранға қатысты санкцияларды жеңілдету үшін ашық болады» деп мәлімдеген дипломатиялық күш-жігерді жүзеге асырылуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ирандық-американдық азаматтығы бар 56 жастағы Шарги, телекомпания дереккөзінің мәліметінше, 30 қараша күні Тегерандағы сотқа шақырылып, тыңшылық жасады деп айыпталып, ешқандай сот талқылауынсыз 10 жылға сотталды. Содан бері оның жанұясы одан ешқандай хабар алмады.
Телекомпанияның мәліметінше, Шарги қамауға алынған Иран тумасы болып табылатын төртінші Америка азаматы болып отыр. Бұл елдегі қамау орындарында Сиамак Намази (2015 жылдан бері), оның әкесі Бакер және экологиялық қозғалыс белсендісі, британдық азаматтығы бар Морад Тахбаз.
Шарги Иранда дүниеге келген, АҚШ-та білім алған. Жанұясының айтуынша, 2016 жылы ол әйелімен бірге отанымен байланысты қалпына келтіру үшін Иранға оралған. Ол АҚШ-та полимерлік материалдар өндіру саласында жұмыс істеді, кейін Абу-Дабидегі авиациялық брокерлік фирмамен жұмыс істеген. Ол алғаш рет 2018 жылғы сәуір айында Иранда тұтқындалып, кепілге босатылғанша, 2018 жылғы желтоқсан айына дейін қамауда болды. 2019 жылғы желтоқсан айында Иран соты Шарганың әрекетінде ешқандай заң бұзушылық анықтаған жоқ, бірақ оған оның ирандық және американдық төлқұжатын қайтармады.
Телеарна Шаргидің Иран билігі нақты қандай елдің немесе елдердің пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталып отырғанын айтпады.