Иран: үш террорлық топтың көзі жойылды

Иранда лаңкестік шабуыл жасауға дайындалып жатқан үш террорлық топтың көзі жойылды.

Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК, Иран Қарулы Күштерінің элиталық бөлімдері) әскери қызметшілері өткен жұма күні президент сайлауының алдында Иранның солтүстік-батысындағы үш «лаңкестер мен контрреволюционерлер тобын» әшкерелеп, олардың көзін жойды. Бұл туралы ИРСК құрлықтағы қарсылық күштерінің қолбасшысы бригад генерал Мұхаммад Пакпур мәлімдеді.

«Өткен жұма күні президент сайлауының алдында лаңкестер арнайы жоспарын жүзеге асырып, терактілер жасамақ болды, бірақ ИРСК құрлықтағы қарсылық күштері қатаң тойтарыс берді, — деп Пакпурдың сөзін келтіреді Fars агенттігі келтіреді. — Батыс Әзірбайжан мен Күрдістандағы Ошнавие және Бане қалаларында террористер мен контрреволюционерлердің екі тобының көзі жойылды».

Генералдың айтуынша, Күрдістан провинциясындағы Сарвабад қаласына тағы бір лаңкестік топ кірген, олардың да күл талқанын шығарды.

Добавить комментарий