Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Әмір Абдоллахиан Ресейдің құрамына жаңа аумақтардың қосылуын заңды деп танымайтынын хабарлады. Әңгіме төрт өңір туралы болып отыр.
Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Абдоллахиан атап өткендей: «Біз халықаралық заңдар аясындағы елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындаймыз, сондықтан Тегеран мен Мәскеудің жылы қарым-қатынасына қарамастан, біз Қырымның, Луганск және Донецк облыстарының Украинадан бөлінуін мойындамадық… Себебі біз сыртқы саясаттағы өзіміздің дәйекті қағидатымызды ұстанамыз: Украинадағы қақтығыс — бұл шешім емес, біз өзіміздің ұстанымымызды іргелі саяси принцип деп сенеміз».
Бұған дейін Украина халықаралық қоғамдастықты Иранды Ресейге көмектескені үшін «жазалауға» шақырғаны хабарланған болатын.