Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян Меджлиске (парламент) Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздерден шығу туралы заң жобасы енгізілгенін хабарлады.
Бұл диалогтың тоқтатылатынын білдіреді. Сонымен қатар, Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (АҚХА) ұйымның Бас директоры Рафаэль Гроссимен қол жеткізілген уағдаластықтар аясында ынтымақтастықты жалғастыруда.
Еске сала кетейік, 2015 жылы Иран өз ядролық әзірлемелері төңірегіндегі дағдарысты еңсеру мақсатында Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары туралы келісімге қол қойған болатын, алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың осы келісімнен шығу туралы шешімінен кейін, АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына байланысты Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздер 2022 жылдың көктемінде тоқтатылды.