Иран Еуроодақтың жеке және заңды тұлғаларына қарсы санкциялар салатынын жариялады.
Тегеран рестрикцияға жауап ретінде ЕО-ның 15 тұлғасы мен төрт ұйымына қарсы санкция салады, деп хабарлады Иран СІМ 2022 жылғы 19 қазанда.
«Елдің сыртқы істер министрі Хосейн Әмір Абдоллахиан жақын арада кем дегенде төрт мекеме мен 15 батыстық лауазымды адам террористер мен Иран санкция салған қара тізімге енгізілетінін жариялады», — деп хабарлайды ISNA агенттігі.
Абдоллахиан жаңа санкциялар санкциялық құжаттарға, Иранда жақында орын алған оқиғаларда зорлық-зомбылық пен экстремизмге қатысы бар тұлғалар мен мекемелерді қамтитынын нақтылады. Агенттік аталған құжаттың егжей-тегжейін Иран сыртқы істер министрлігі жариялайтынын айтты.
Бұған дейін, 17 қазанда ЕО елдегі қуғын-сүргінге байланысты Иранның 11 жеке және төрт заңды тұлғасына қарсы санкция салған болатын. Ирандық әдеп полициясы мен оның жетекшісіне қарсы рестрикциялар енгізілді.
12 қазанда ЕО СІМ басшылары наразылық шараларын басуға қатысы бар ирандық ресми тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар қабылдауды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған. Франция Сыртқы істер министрі Катрин Колонна мәлімдегендей, Иран адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді сақтауы тиіс. Оның айтуынша, ЕО елдері алдын ала келісімге қол жеткізді және Тегеранның қысымына қарамастан шешім түпкілікті қабылданады.
14 қазанда Иран Мұнай министрінің орынбасары Ахмад Асадзаде Иранға қарсы санкция салған елдердің мұнай мен газ жеткізу туралы өтініші арсыздық екенін айтты. Ол қандай да бір елге қарсы санкциялар салып, сосын мұқтаж болғанда «жүгініп», бәрін газбен қамтамасыз етуін сұрауға болмайтынын айтты.
Қыркүйектің ортасынан бастап Иранда наразылық толқулар болып жатыр: ирандықтар елдің көптеген провинцияларында көшеге шығып, 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін биліктің ауысуын талап етті. Болжам бойынша, әдеп полициясы қызды «хиджапты дұрыс кимегені үшін» ұстаған, кейін біраз уақыттан кейін ол қайтыс болды. Ирандықтар мемлекеттің халықтың өміріне араласуына наразылық білдіріп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Наразылық шарасы полициямен қақтығысқа ұласып, 40-тан астам адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алды.