Ирактан АҚШ бастаған коалицияның үш бөлімшесі шығады

Ирақ аумағынан Америка Құрама Штаттары басқаратын коалицияның үш бөлімшесі шығарылады. Олар Ирак жерінен осы жылдың қыркүйек айының соңында шығады.

Генерал-майор Тахсин әл-Хафаджи «Енді Иракқа шетелдік жауынгерлік күштердің қажеті жоқ» деп мәлімдеді.

АҚШ басқаратын халықаралық терроризмге қарсы коалицияның бірнеше бөлімшесі осы айдың соңына дейін Ирак аумағынан кетеді. Бұл туралы сейсенбі күні Ирак армиясының біріккен қолбасшылығының өкілі генерал-майор Тахсин әл-Хафаджи хабарлады.

«Халықаралық коалицияның үш бөлімшесі [АҚШ бастаған] қыркүйектің соңында Ирактан кетеді», — деп атап өтті әл-Хафаджи, оның сөзін ирактық Rudaw телеарнасы келтірді. Генерал-майор «Енді Иракқа шетелдік жауынгерлік күштердің қажеті жоқ» деді.

2020 жылдың 5 қаңтарында Ирак парламенті барлық шетелдік күштерді ел аумағынан толық шығаруды талап ететін резолюцияны қабылдады. 26 шілдеде АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың Ирактағы жауынгерлік миссиясы жыл соңына дейін аяқталатынын, алайда екі елдің терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы жалғасатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий