IPO-ға дайындалды: «ҚазМұнайГаз» басшысының пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-42703-1668612993-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

«ҚазМұнайГаздың» басшысы Мағзұм Мырзағалиев кәсіпорын IPO өткізуге дайын деп санайды. Ол ұлттық компанияның қарызы туралы және оның біртіндеп азайып келе жатқанын айтты.

«0 маусымдағы жағдай бойынша, біздің компанияның жалпы қарызы, басқаша айтқанда, 2022 жылғың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, доллармен айтсақ, жалпы алғанда 8 млрд 366 миллион. Қарыз туралы айтатын болсақ, ол жүйелі түрде төмендеп келе жатқанын атап өткен жөн.

Шын мәнінде, біз ашық компания болмасақ та, ҚМГ-ға деген инвесторлық қызығушылықты нақты бағалау үшін компания бірнеше жылдан бері еуробондтар шығарып, халықаралық нарықтарда орналастырады», — деді Мырзағалиев журналистермен кездесуде.

Оның айтуынша, компания IPO-ға жақсы дайындықпен келді.

«Бізде халықаралық және отандық инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибеміз мол. Қарызға келетін болсақ, 2014 жылы компанияның қарызы шамамен 19 миллиард доллар болды. Қазір ол екі еседен аса азайып — 8,3 миллиардқа дейін төмендеді. Бізде егізінен батыстық инвесторларымызға қарызымызды өтеудің айтарлықтай жеңілдетілген, ыңғайлы төлеу кестесі бар. Ол негізінен доллармен есептеледі», — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Мырзағалиев компания қарызды қанша уақыт төлейтінін және оның төлемге қалай әсер ететінін хабарлаған жоқ.

Добавить комментарий