3 сәуірде Иордания үкіметі бірнеше жоғары лауазымды тұлғаларды «қауіпсіздік мақсатында» қамауға алғаны белгілі болды. Ханзада Хамза бен Хусейн Аммандағы сарайынан сыртқа шықпау керек.
Ұсталғандардың қатарында патша II Абдалланың сенімді өкілі Бассем Авадаллах пен бұрынғы корольдік елші Хасан бин Зайд та бар.
The Washington Post-тың хабарлауынша, ықтимал қастандықты тергеу барысында марқұм король Хусейннің үлкен ұлы ханзада Хамзе бен Хусейнге Аммандағы сарайында қалуға бұйрық берілген.
Сондай-ақ, Petra агенттігі кейбір БАҚ беттерінде Хамза бен Хусейннің үй қамақта отырғаны туралы таратылып жатқан ақпаратты жоққа шығарды.
Армия штабының басшысы Генерал Юсеф Хунейти де ханзада Хамзаның тұтқындалғаны туралы хабарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда және оның нәтижелері «ашық әрі түсінікті түрде» жарияланады