Интернет-алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

Қазақстандық полицейлер интернет-алаяқтық жасаған 14 күдіктінің ұсталғанын айтты.

Полицейлер Жетісу облысының аумағында «Anti-fraud» алдын алу шараларын жүргізу шеңберінде күдіктіліерді ұстады.

Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, алаяқтық жасады деген күдікті 14 адам анықталды.

Алаяқтық фактілерін облыстық КПБ қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің барлық аудандық бөлімшелерінің жедел қызметкерлері бірлесіп ашты. Тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-тармақтың 2-бөліміне (Алаяқтық), 188-бабы 4-тармақтың 2-бөлігіне (Ұрлық), 198-бабының 1-бөлігіне (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) сәйкес жүргізіледі. — Полиция бұрын Талдықорған қаласында тұрған Қостанай облысының 25 жастағы тұрғынын ұстады.

Бойжеткен қыз адамдарға ақша табу тәсілін көрсетуге уәде бере отырып, WhatsApp мессенджерінде топ құрған. Қазір 11 жәбірленуші анықталды, оның ішіндегі 5 адам талдықорған тұрғындары. Тек біздің қала тұрғындарының шығыны 3 млн теңгеден асты.

Қазір бұл қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды, – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов. Жыл басынан бері Жетісу облысында 106 алаяқтық фактісі тіркелді, соның ішіндегі 32 дерек интернет-алаяқтық санатына жатады.

Добавить комментарий