Интеграция: Ресей мен Беларусь жол карталарына қол қойды

Александр Лукашенко мен Владимир Путин мемлекеттердің интеграцияның келешегіне қатысты жол карталарына қол қойды. Ресми деңгейде бәрі зиянсыз көрінеді, алайда бұл шын мәнінде, қос елдің ынтымақтастығының салдарынан елде не болатынын көрсетеді.

«Ресей агрессор ел екені белгілі. Наразылық шаралары мен митингілерге қатыспаса да, оппозицияны, тіпті билікке қарсы шыққан азаматтарды қолдайтындарды қатаң бақылауға алып жатыр», — деп жазады саясаттанушылар.

«Ақылды дауыс беруді» бұғаттау, тәуелсіз БАҚ-ты «шетелдік агент» деп тану, саяси қарсыластарын қудалау — бұл тоталитарлық мемлекетте қалыпты жағдай.

Беларусь ұзақ уақыт бойы бір адамның басқаруында болса да, тәуелсіз ақпарат агенттіктері «заң» аясында қорғалды. Батыс сарапшыларының пікірінше, Лукашенко 2020 жылы өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, Беларусьте аз да болсын демократияны басып жаншыды.

Фото: Беларусь пен Ресей ықпалдастықты арттыруға бағытталған жол карталарына қол қойды

Роман Протасевич мінген еуропалық әуе компаниясының ұшағын басып алғаннан кейін, ол «Еуропаның соңғы диктаторы» ретінде қалатынын анық жеткізді. Ал мұндай серіктеспен тек «диктатор» ғана ынтымақтасады.

Александр Лукашенко өзінің кредиторын кезекті рет «таң қалдыру» үшін оппозициялық Tеlеgram-каналдарын пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заң жобасын қабылдады.

13 қазанда Беларусь ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бас басқармасының (ҰҚКББ) Telegram-каналында «экстремистік құрылымдардың қатысушылары мен экстремистік Telegram-каналдардың барлық жазылушыларын қылмыстық жауапкершілікке тартатыны» хабарланды. Беларусьте 100-ден астам канал экстремистік деп танылды. Оның ішінде сатиралық «Luxta каналы бар, онда суреттер, әзілдер мен қысқа жаңалықтар жарияланады. Мұндай Telegram-топтарына қосылғаны үшін ең қатал жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Аталған заң жобсы қабылданғаннан кейін ЕО елдері Лукашенкоға қарсы жаңа санкция салуы мүмкін. Дегенмен, «Еуропаның соңғы диктаторы» серіктес таңдауда түбегейлі шешім қабылдады және мұндай заң серіктесінен «көңілінен шығатынын» анық. Бәлкім, ол тағы бір интернет-ресурсты өзіне бағындыру үшін осындай қабылдайды.

Добавить комментарий