Интеграция немесе тәуелділік: Қазақстан ЕАЭО құрамына кіріп, мойнына міндеттеме алды

Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ресей көршілес мемлекеттермен басын қосып бірнеше одақтың құрылуына бастамашы болды. Мысалы, 1998 жылы Ресей мен Беларусь Одақтық мемлекет құру туралы шартқа қол қойды. Одақтық мемлекеттің мақсаты кезең-кезеңмен біртұтас саяси, әскери, экономикалық, валюталық кеңістікті құру болды. 2001 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық деп аталатын халықаралық экономикалық ұйым құрылды. Бұл ұйым іс жүзінде 2015 жылы құрылған ЕАЭО-ның алдындағы ұйым.

Қазақстан осы одақтың құрамына кіріп, өзіне экономикалық міндеттеме алды. ҚР-ның ЕАЭО-ға қатысуы АҚШ-пен және басқа да батыс елдерімен қарым-қатынасты дамытуды тежейді. Ресей Қазақстанның батыс мемлекеттерімен кез келген мәселеде қарым-қатынас орнатуға талпынысын қолдамайды. Мысалы, 2018 жылы Қазақстан билігі АҚШ-қа екі қазақстандық Каспий порты — Ақтау мен Құрық портты пайдалануға беру туралы заң жобасын мақұлдады.

Сарапшылар Қара теңіз — Грузия — Әзірбайжан — Каспий теңізі — Қазақстан — Өзбекстан — Ауғанстан бағыты қисынсыз әрі тиімсіз екенін атап өтті. Ал келісім-шартты Вашингтонның пайдасы үшін Иран мен Ресейге қарсы әрекет деп есептелді.

Қазақстан үкіметінің мұндай шешім қабылдауы Ресейдің теріс пікірін тудырды. Бұған қарамастан, Қазақстан мен АҚШ арасында 2018-2022 жылға дейінгі бес жылдық әскери ынтымақтастық орнатылды.

Ресей үнсіз қалмады. Кремль Қазақстаннан ЕАЭО-мен алдын ала келіспей Вашингтонмен қандай негізде ынтымақтастық орнатқанына түсініктеме беруді талап етті.

РФ-ның мақсаты Қазақстанмен интеграцияны одан әрі кеңейту. Бұл, батыс сарапшыларының пікірінше, елдегі әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірдің кез келген саласына қысым жасалады.

Добавить комментарий