Instagram жеке басын растау үшін видеоселфи талап ете бастады

Instagram пайдаланушылардан жеке басын растау үшін видеоселфиді талап ете бастады. Бұл туралы британдық маман мен әлеуметтік медиа жөніндегі кеңесші айтты.

Атап айтқанда, Мэтт Наварра Twitter-дегі парақшасында Инстаграм бет-бейнесін түрлі бұрыштар мен ракурстардан көрсетуді талап ете бастағанын хабарлады.

Түсірілім кезінде камера адамның көзі деңгейінде болуы керек және ол төменге қарамауы тиіс. Пайдаланушы өзін барлық жағынан түсіруі қажет.

Әлеуметтік желінің Twitter-дегі ресми парақшасында видеоселфиді пайдаланудың бір жолы — парақшаны кім басқарып отырғанын тексеру екенін түсіндірді: бот немесе адам.

Мәселен, егер аккаунтқа көптеген жазбаған ұнатамын бастырмасынбасса немесе ол санаулы секундтыі ішінде көптеген аккаунтқа жазылса, видеоселфи арқылы аккаунтты кім басқарып отырғанын анықтайды, — деді Instagram.

Бұл ретте әлеуметтік желі бет тану технологиясын пайдаланбайтынын айтты.

Добавить комментарий