Инфекционист COVID-19 болашағы қалай өрбитінін айтты

Вирусология саласындағы сарапшы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдай қалай өрбитінін айтты.

Қауіпті инфекциялар бойынша маман, иммунолог дәрігер Владислав Жемчугов SARS-CoV-2 коронавирусының дамуының үш сценарийін атады. Ол берген сұхбатында коронавирустың үнемі мутацияға ұшырап отыратынын айтты.

Инфекционистің айтуынша, SARS-CoV-2 эволюциясын өзге вирустардың дамуын ескере отырып жасайды.

«Бірінші нұсқа — SARS-CoV-2 коронавирусы «иммундық келісімге» қол жеткізетін жаңа иесін табады. Екінші нұсқа — ол SARS және MERS секілді жоғалып кетуі мүмкін. Адамзат үшін ең жаманы және үшінші нұсқа — ол тұмаудың екінші вирусы сияқты адам ағзасында өмір сүруін жалғастыра береді», — деді Жемчугов.

Бұған дейін Гамалеи атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы бірнеше рет ревакцинация салғанда антидененің деңгейі туралы мәліметтерді ашып айтқан болатын.

«Антиденелердің титрін бақыладық, [ревакцинация жағдайы бірнеше мәрте болды], бәрі қалыпты, бәрі жақсы», — дейді Гинцбург.

Ол адам ағзасына жағымсыз әсер етпегенін айтты.

Добавить комментарий