Индустрия министрі Қазақстандағы көмір тапшылығы қолдан жасалып отырғанын айтты

Қазақстан Индустрия министрі елімізде көмір тапшылығы жасанды түрде жасалғанын мәлімдеді.

Бейбіт Атамқұлов облыстар жасаған өтінімдер бойынша қазбалардың 94%-ы жөнелтілгенін мәлімдеді.

«Бүгінде өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда жоспарды асыра орындадық. Бізде жөнелтілім тұрақты, карьерлерде жоспарды артығымен орындап жатырмыз. Тапшылық қолдан жасалып жатыр», — деп мәлімдеді Бейбіт Атамқұлов.

Министр елді-мекендерде көмірдің тапшылығына кім кінәлі екенін айтқан жоқ.

Оның айтуынша, Қазақстан көмірдің екі түрін экспорттайды — бұл металлургиялық өңдеуге арналған жоғары агломерациялық көмір.

Басқа елдерге жалпы өндірістің 27% жөнелтіледі.

Бұған дейін Мәжілісте Бейбіт Атамқұлов министрліктің ірі көмір өндірушілермен меморандум жасағанын хабарлаған. Тараптар тоннасына 5200-ден 5700 теңгеге дейін нақты баға туралы келісті.

Добавить комментарий