Индонезия РФ-ға санкция салмайтынын мәлімдеді

Индонезия президенті Украинада қалыптасқан жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкция салмаймыз деп мәлімдеді.

«Санкция салу — жақсы шешім емес, бұдан азаматтар зардап шегеді», — деп сәрсенбі күні жарияланған Nikkei газетіне берген сұхбатында ел президенті Джоко Видодо.

Сонымен қатар Видодо Украинада болып жатқан оқиғаларға алаңдаушылық білдірді. «Барлық елдер үшін шиеленісті азайтуға, бәсеңдетуге, келіссөздерді жалғастыру маңызды. Бұл өте маңызды. Келіссөздер, атысты тоқтату, соғысты тоқтату», — деп атап өтті Индонезия президенті.

Видодо сондай-ақ Ресей мен Украинаны Индонезияның досы деп атады.

Добавить комментарий