Қазақстан қант тапшылығына тап болды. Бұл бағаның күрт өсуіне себеп болды. Соңғы жылы қант 61%-ға қымбаттады. Оралда қанттың жетіспеушілігінен кондитерлік өндіріс тоқтатылды.
Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант тапшылығы Ресейдің экспортқа шектеу енгізуіне байланысты екенін айтты.
Еске салайық! Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты Мәскеу қант экспортын шектеу енгізді.
Алайда, министр елімізде оны өндіру үшін шикізат — еліміздің аумағында өте жақсы өсетін қант қызылшасын өсіру тоқтылғаныны туралы айтпады. Шикізаттың басым бөлігі шетелден әкелінеді.
Қазақстанда жеке үйлер салу үшін құнарлы жерлер берілуде. Учаскелерге шаруа және фермер қожалықтарынан нысаналы мақсаты өзгертіліп, оларды ЖҚШ ретінде іске асырады.
Мәселен, наурызда Ресейден қант экспортына тыйым салу бағаның өсуіне алып келді. Қазақстанда оның құны ақпанмен салыстырғанда бірден 34,3%-ға өсті.
Баға келесі айларда да өсе берді: сәуірде қант тағы 4,5%-ға, мамырда 5,7%-ға қымбаттады.
Нәтижесінде қант бағасының жыл сайынғы өсуі (2022 жылғы мамырда 2021 жылғы мамырға қарағанда) бірден 60,5%-ды құрады.
Жамбыл облысында қанттың үштен екісінен астамы өндіріледі — 56,5 мың тонна.