Twitter-дің иесі ауысқаннан кейін кадрлық тазарту жүргізілді. Хабарланғандай, Илон Маск компанияның бұрынғы басшылығын жұмыстан босатты.
Кәсіпкер Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алғаннан кейін компанияның топ-менеджерлерін жұмыстан шығарды.
CNBC дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Twitter-дің бас директоры Параг Агравал, қаржы директоры Дональд Сигал және құқықтық саясат, сенім және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Виджайя Гадде қызметінен босатылды. Маск үшеуін де платформадағы фейк аккаунттардың санына байланысты дұрыс ақпарат бермей, өзін және инвесторларды жаңылыстырды деп айыптады.
Мәмілеге қол қойылғаннан кейін штаб-пәтерде болған Аргавал мен Сигалды ғимараттан шығарған.
Бір қызығы, бұған дейін Маск қызметкерлердің 75%-ын жұмыстан шығармайтынын айтқан болатын.
Алдыңғы күні таңертең Илон Маск әлеуметтік желісіндегі профильінде Twitter жазуын Chief Twit деп өзгертіп, компанияның штаб-пәтеріне барды. Миллиардер әлеуметтік желіде осы сапарының видеосын жариялады. Видеода ол қол жуатын орынға арналған шұңғыл бұйымды қолына ұстап, әлеуметтік желінің бас кеңсесіне кіреді. Ағылшын тілінде шұңғылша — sink, бұл сөздің де «жапырғыш» мағынаны білдіреді, ал sink етістік ретінде — бір нәрсеге басымен кіріп кету, түсіну деген мағына.