Илон Маск АҚШ президенті лауазымында кімді көргісі келетінін айтты

Белгілі америкалық кәсіпкер Илон Маск АҚШ президенті ретінде «дені дұрыс адамды» көргісі келетінін хабарлады.

CNBC телеарнасына берген сұхбатында Маск ел басшысы лауазымына өз міндетін тиімді атқара алатын кәсіби маманның келуі маңызды деп санайтынын атап өтті.

Атап айтқанда, ол былай деп мәлімдеді: «Президент — іс жүзінде елдің бас атқарушы директоры. Оның жақсы директор болуы өте маңызды. Оның көзқарасы сенікімен бірдей болуы ғана емес, түрлі істерді қаншалықты жақсы атқаратыны маңызды. Күн сайын көптеген шешімдер қабылдау керек. Американың атқарушы директоры жақсы жұмыс істейтін адам болса екен деймін».

Маск АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденді 2020 жылғы сайлауда қолдағанын және ол адал жеңіске жетті санайтынын атап өтті.

Кәсіпкер саяси артықшылықтарға ғана емес, профессионализміне және мемлекетті тиімді басқару қабілетіне сүйене отырып, ел басшысын таңдаудың маңызды екенін айтты.

Добавить комментарий