IKEA швед ретейлері Қытай аумағында бөлшек сауда арналарын кеңейту үшін инвестиция салуға ниетті.
Келесі қаржы жылында компания аталған елге инвестиция көлемін арттыруды жалғастырады, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. IKEA холдингтік құрылымына кіретін Ingka Group 1 қыркүйекте басталатын жаңа қаржы жылында Қытай нарығына 5,3 млрд юань (773 млн доллар) салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Ақшалай қаражат бөлшек сауда арналарын кеңейту, сондай-ақ цифрландыру тәжірибесін ілгерілету үшін пайдаланылады, деп хабарлады China IKEA өкілдері баспасөз мәслихатында.
Соңғы үш жылда компанияның ҚХР-ға салған инвестиция көлемі шамамен 10 млрд юань.
IKEA Қытайда алғашқы дүкен 1998 жылы Шанхайда ашқан. Қазіргі таңда елдегі дүкендер саны 30-дан асады.
Әлемде 63 мемлекетте компания желісінің 470-тен астам дүкені бар. Компанияның 2021 жылғы қаржылық табысы (2021 жылғы 31 тамызда аяқталды) 41,9 млрд еуро болды. 2021 жылы IKEA дүкендерінде, сондай-ақ компанияны жабдықтайтын кәсіпорындарда 225 мың адам жұмыспен қамтылды.