ІІМ: зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің штаты ұлғайтылды

ІІМ балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған арнайы бөлімшелердегі штаттың ұлғайғаны туралы хабарлады.

Осылайша, 25 ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтқан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы орындалды, деп хабарлады Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин.

2021 жылдың 19 наурызында Ішкі істер министрінің бұйрығымен штаттық бірліктерді ішкі бөлу есебінен осы бөлімшелердің саны ұлғайтылды: әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің штат саны 129-ға ұлғайтылды, ал кәмелетке толмағандар ісі және балаларды қорғау бөлімшелерінің саны екі есеге жуық — 448 бірлікке кеңейтілді.

Анықтама! IIМ құрылымында әйелдер мен балаларды қорғау бөлiмшесi 1999 жылы ашылған, бiрақ содан кейiн штат саны, әсiресе осы саладағы құқық бұзушылықтардың барынша көп байқалған аймақтарда екi есеге жуық қысқарған.

Добавить комментарий