ІІМ министрі Беларусьпен жаңа жасалған келісімге түсініктеме берді

Қазақстан Парламенті Қазақстан мен Беларусь арасындағы екі елдің көші-қон саласындағы ынтымақтастығының құқықтық нормаларын регламенттейтін келісімді ратификациялады.

Құжатқа мемлекет өкілдері 2019 жылғы 25 қазанда қол қойды.

«Келісім азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Нақты айтқанда, статистикалық ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға, екі ел үкіметтерінің тәжірибесімен алмасуға және бір-біріне практикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Беларусь азаматтарының құқықтық мәртебесін анықталады», — деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда министрлік 23 халықаралық келісімді бекітті, тағы тоғызы дайындық кезеңінде.

«Аталған келісімнің нәтижесінде ақпарат алмасу жақсарады, адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесі шешіледі, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталады және қосарланған азаматтыққа жол берілмейді. Шарт теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкелмейді, қосымша қаражатты қажет етпейді», — деп түйіндеді ІІМ басшысы.

Добавить комментарий