ІІМ мен ҰҚК-нің ауқымды операциясы: “Қорғас” ШЫХО-да заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті

ІІМ ҰҚК-мен бірлесіп «Қорғаста» операция жүргізіп, нәтижесінде притондар мен жасырын казинолардың жолы кесілді. Сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінде Қазақстан азаматшаларын жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған. Операция барысында шетелдік азаматтарды қоса алғанда, негізгі қылмыскерлер ұсталып, қылмыстың заттай дәлелдемелері алынды. Тергеудің егжей-тегжейі жария етуге жатпайды.

Операция кезінде екі шетелдік азаматты қоса алғанда, негізгі 5 фигурант ұсталды. Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел. Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жетісу облысының полиция департаментімен жүргізіледі, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Добавить комментарий