ІІМ карантинді күшейту шараларына дайын екендігін мәлімдеді

Үкімет отырысы барысында ІІМ басшысы Республика аумағында карантиндік шектеулерді енгізумен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді, сондай-ақ ішкі істер органдарының карантинді күшейтуге дайындығы туралы хабарлады.

Ерлан Тұрғымбаев 50 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілгенін атап өтті. Карантин режимінің 28 мыңнан астам бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде сауда орталықтарында 4 600-ден астам жағдайы, мейрамхана, дәмхана және басқа да демалыс нысандарында 1700 жағдайы тіркелді. Олардың ең көп саны Қостанай облысына тиесілі — 5 мыңнан астам, Батыс Қазақстан облысы — 2,5 мыңнан астам, Түркістан облысы 3,5 мыңнан астам, Шығыс Қазақстан облысы — 2 мыңнан астам және Алматы қаласы — 3 800-ден астам факті. Барлық фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, — деп хабарлады Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері қызмет өткеру барысында 15 мыңнан астам өрескел карантин бұзушылықтарын, атап айтқанда 600-ден астам той мен еске алу іс-шараларын, 1 мыңнан астам демалыс орындарының, соның ішінде су қоймаларының жұмыс істеу фактілерін тіркеді.

Оның айтуынша, тек өткен демалыс күндері ғана салтанатты іс-шаралардың 41 фактісінің жолы кесілді. Мысал ретінде Қызылорда облысындағы мейрамханалардың бірінде, елордада жұмыс істейтін төрт түнгі клуб келтірілді, олардың біреуінде тексеру кезінде 65 адам болды.

11 800 бетперде тағу режим бұзушылығы анықталды. Әкімшілік өндірісті қозғау және жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналды. Сондай-ақ, дәрілік заттар мен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 933 фактісінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 98 мың орам медициналық препараттар алынды. Жарты миллионға жуық медициналық бетперде, 41 мың дана қолғап және өзге де медициналық бұйымдар, градусниктер, жеке қорғаныш құралдары мен қан құю жүйелері. Осыған байланысты полицияға 605 адам, оның ішінде 349 медицина қызметкері жеткізілді. Ішкі істер органдары карантиндік режимді күшейтуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға дайын, — деп қорытындылады Тұрғымбаев.

 

Добавить комментарий