ІІМ басшысы НЗМ оқушысының өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысының өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Қылмыстық іс қозғалған жоқ, марқұмның сыныптастары мен туыстарынан жауап алынып жатыр.

Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатыр. Мен мән-жайын айта алмаймын. Шынымен де, бұл суицид, біреудің қолынан қаза болған жоқ. Оқушы мұндай қадамға өзі барды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, барлық сыныптастары, туыстары, ата-аналары сұрастырылып жатыр. Нәтижесінде құқықтық баға беріледі, — деді ІІМ басшысы Мәжілісте.

Естеріңізге сала кетейік! 27 қазанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің сегізінші сынып оқушысы Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен шығып секірді. Мектептегәлер аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Добавить комментарий