ҚХР әскерді соғысқа дайындалуға шақырды

Қытай соғысқа дайындалатынын мәлімдеді. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин әскери қызметшілерді әскери іс-қимылдарға дайындалуға шақырды.

Атап айтқанда, ол соңғы жылдары ел әскері айтарлықтай өзгерістергенін, енді оның жаңа жүйесі, құрылымы мен әскери киім-кешегі барын атап өтті.

Оның Бейжіңдегі ұлттық қорғаныс және әскери реформа жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзін «Синьхуа» агенттігі келтіреді.

Бұған дейін АҚШ ҚХР-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі (АТМ) әскери белсенділігі аясында, антиқытайлық «Көгілдір Тынық мұхитындағы серіктестер» тобының кездесуін шақырған болатын. Шара 22 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Тынық мұхиты аралдарының саммиті алдында өтеді.

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс соңғы айларда АТМ-дағы бәсекелестік аясында күшейді. Қытай билігі аймақтағы халықаралық сулардың едәуір бөлігі ҚХР-ға тиесілі деп мәлімдейді. Әңгіме Тайвань, Филиппин, Вьетнам, Малайзия және басқа аудандардағы даулы сулар туралы болып отыр. Қытай Үкіметі әлемдік сауда өтетін теңіз жолдарына бақылауды күшейту үшін шаралар қабылдауда.

Добавить комментарий