Қытай Америка Құрама Штаттарына Пентагонның пікірінше, қытайлық әскерилермен байланысы бар тағы төрт қытайлық компанияны санкциялық тізімге енгізу туралы шешімге қарсылық білдірді.
Бұл туралы жұма күні тұрақты брифингте ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеді.
«Қытай қытайлық компаниялардың АҚШ тарапынан негізсіз қысым жасауына үзілді-кесілді қарсы», — деді ол.
Дипломаттың айтуынша, «АҚШ-тың әрекеттері нарықтық бәсекелестік қағидаттарына және халықаралық сауда ережелеріне қайшы келеді, олар Құрама Штаттардың ұлттық мүдделері мен имиджіне нұқсан келтіреді».
«АҚШ шетелдік компанияларға қысым жасау үшін ұлттық күш пен ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын теріс пайдалануды тоқтатуы тиіс», — деп түйіндеді Хуа Чуньин.
Пентагон бейсенбі күні АҚШ қытайлық әскерилермен байланысы бар деп ҚХР-дың төрт компаниясын қара тізімге енгізіп жатқанын хабарлады. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл тізімге жартылай өткізгіштер өндіруші SMIC (Semiconductor Manufacturing International Corporation), қайраңды мұнай-газ корпорациясы CNOOC, China Construction Technology Co Ltd (CCTC) және China International Engineering Consulering кірді.