ҚХР-ның жойғыш ұшағы АҚШ ұшағымен соқтығысып қала жаздады

Шетелдік DW басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Қытай теңізінің әуе кеңістігінде қытайлық және америкалық әскери ұшақ соқтығысып қала жаздады.

Хабарланғандай, 21 желтоқсанда Қытай ӘТК-нің J-11 жойғыш ұшағы мен АҚШ Әуе күштерінің RC-135 ұшағы соқтығысып қала жаздаған.

АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит қолбасшылығының мәліметінше, қытайлық жойғыш ұшақтың ұшқышы АҚШ әуе күштерінің ұшағына шамамен 3 метрге жақындаған, америкалық пилот ұшақ апатын болдырмау үшін маневр жасауға мәжбүр болған.

АҚШ-тың ресмилері америкалық барлау ұшағы халықаралық әуе кеңістігінде Оңтүстік Қытай теңізінде операцияларды заңды түрде орындағанын мәлімдеді.

Қытай Оңтүстік Қытай теңізінің Вьетнам, Малайзия, Бруней, Индонезия және Филиппиннің айрықша экономикалық аймақтарымен қиылысатын кең учаскелеріне үміткер. Жыл сайын осы су жолы арқылы триллион доллар болатын сауда-саттық жүргізіледі. Аталған аймақ балыққа бай және газ кен орындары бар.

АҚШ бұл мәселені Қытай үкіметі алдында көтерді. Вашингтондағы Қытай елшілігі әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін АҚШ Әуе күштері штабының бастығы Чарльз Браун — кіші 2035 жылға қарай АҚШ әскери-әуе күштері апатқа ұшырайды деп мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий