ҚХР-дың бұрынғы төрағасы өмірден озды

ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминьнің қайтыс болғаны хабарланды. Ол 2022 жылы 30 қарашада 96 жасында дүниеден өтті.

Анықтама үшін! Цзян Цзэминь 1993 жылдан 2003 жылға дейін ҚХР төрағасы қызметін атқарды.

«Жолдас Цзян Цзэминьнің өлімі — партиямыз, әскерилеріміз және барлық этникалық топтағы халқымыз үшін орны толмас қаза», — делінген Қытай коммунистік партиясының, парламенттің, министрлер кабинетінің және әскерилердің Қытай халқына жазған хатында.

Ол лейкемия және полиоргандық жетіспеушілігінен қайтыс болды.

Бұған дейін БАҚ-та Цзян Цзэминнің денсаулығы сыр бергені туралы хабарланған. Қытай коммунистік партиясының 100 жылдығын тойлауда оның қатыспағаны бұл ақпаратты растады.

Добавить комментарий