ҚХР теңіз полициясының төрт патрульдік кемесі даулы Сенкаку (Дяоюйдао) аралдарының аймағына кірді.
Аталған кемелер Шығыс Қытай теңізінде орналасқан, ол жерді Жапония өз аумақтық сулары деп есептейді. Бұл туралы дүйсенбі күні Kyodo агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, таңертең аймаққа екі кеме кірген, содан кейін түске таман Қытайдың тағы екі патрульдік кемесі келді. Бұл ретте кемелердің бірі автоматты зеңбірекке ұқсас жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлады агенттік.
Kyodo агенттікі атап өткендей, ҚХР кемелері даулы аралдардың маңындағы акваторияға 122 күн қатарынан кірген.
Сенкаку аралдары төңірегіндегі дау 2012 жылы қыркүйек айында Токио жеке меншік иелері болып табылатын жапон азаматтарынан сатып алғандығын жариялағаннан кейін жағдай шиеленісе түсті. Осыдан кейін ҚХР-да жаппай наразылық шерулері өтті. Содан бері Қытайдың кемелер даулы архипелагтың маңында үнемі кесіп өтіп және оның жағалау аймағына ашық түрде кіріп-шығып жүр.