Қытайда кәмелетке толмаған балалардың компьютерлік ойындарды ойнау уақытына шектеу қойылды.
Билік басындағылар балалардың онлайн ойындарға тәуелді болдырмау үшін осындай шара қабылдады.
Енді компьютер ойындарын аптасына үш сағаттан артық ойнай алмайды.
Кәмелетке толмаған балалардың онлайн-ойындарға тәуелділігін болдырмау туралы өкімді ҚХР баспасөз және баспа істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы жариялады, деп хабарлайды «Синьхуа».
«Онлайн-ойындарды ұсынушылар жасөспірімдерге жұма, сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ ресми мереке күндері сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін қолжетімді қылады», — делінген құжатта.
Өкімде ойынға шынай аты-жөнімен кіруге және тіркелгенде қойылатын талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Баспасөз және баспа істері жөніндегі қызмет бақылауды күшейтіп, ережелерді сақтамайтын компанияларды қатаң жазалауға міндетті.