ҚХР қазақстандық тауарларды елге жіберілмеуде

Қазақстан-Қытай шекарасында ҚХР-ға баратын 12 мың жүк тиелген вагон тоқтап тұр. Кәсіпкерлер, соның ішінде экспорттаушы компаниялар Қазақстан билігінен қалыптасқан жағдайды шешуге көмек көрсетуді сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР пандемияға байланысты қазақстандық жүктер үшін шекараны біржақты тәртіппен жапты. Бұл ретте ақпан айында тасымалдау жоспары 76%-ға, 2021 жылдың екі айында 74%-ға орындалды.

Бірақ Қытайдан шыққанда жағдай мүлдем басқаша болды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» мәліметінше, ақпан айында Қазақстан жүктерді жоспардан 10%-ға жоғары қабылдады, екі айдың ішінде бұл көрсеткіш жоспарға 4%-ға, өткен жылға қарағанда 68%-ға өсті.

Бүгінгі таңда Қытай тарапы енгізген коронавирусқа қарсы шараларға байланысты Қазақстан темір жолында «Достық» станциясы бағытында 12 мың жүк тиелген вагон тұрып қалды. Коллапсты болдырмау үшін, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ҚХР бағытында 1-31 наурыз аралығында жүк транзитіне, 1-15 наурыз аралығында контейнерлік жүктерден басқа, 2021 жылғы 1-20 наурыз аралығында жабық вагондарда астық жүктерін тасымалдауға тыйым салды.

«Астық Транс» компаниясының бірінші вице-президентінің кеңесшісі Бауыржан Шәкіров жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.

«Біз көлік шығындарына ұшыраудамыз және бізді шекарада тұрып қалған тауардың сапасы алаңдатады. Азық-түлік бидайының жабық вагонда қапта ұзақ уақыт болуы, көктемгі ауа райының өзгеруі жүк сапасының толық бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Менің ойымша, Қытай тарапымен кездесіп, оларды біздің вагондарымызды тез арада түсіруге және қайтаруға мүмкіндік беретін көлемде қабылдауға көндіру қажет. Егер біз ҚХР нарығынан айырылғымыз келмесе, онда барлығымызға жұмыс істеу керек: Сыртқы істер, сауда және интеграция министрлігіне басқа да мүдделі құрылымдарға қосылу қажет. Ал бүгінде ҚТЖ-дан басқа бұл мәселеге ешкім назар аудармауда деген пікір қалыптасып отыр», — деп наразы болды ол.

Шәкіров қазір ҚХР жүктерді, әсіресе жабық вагондардағы бидайды қабылдамауының себептері көрсетілген ресми құжаттарды қазір ешкім көрсете алмайтынын айтты.

«Біз қытайлық серіктес COFCO-дан ҚХР-дағы жағдайға қызығушылық білдірдік, бірақ ұйым қандай да бір себептермен өз билігіне түсініктемемен жүгіне алмайды. Сондықтан біз шарасыз күйде қалдық. Егер мәселе COVID-19-дан қорғау шараларында болса, онда мәселе шешіледі. ҚР аумағында дезинфекциялау станциясын орнатып, вагондарды санитарлық өңдеуден өткізіп, пойыздарды тапсыру уақытын жеделдетуге ниеттіміз», — деп түсіндірді ол.

Добавить комментарий