Херсоннан тұрғындардың 45%-ы кетті

Херсон қаласы тұрғындарының жартысы қаладан кетіп, Николаев және Днепр бағыттарына эвакуацияланды.

Наурыз айынан бері Ресей әскерінің бақылауындағы Херсоннан халықтың 45%-ы кетті. Бұл туралы «Укринформға» берген сұхбатында Херсон облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Геннадий Лагута мәлімдеді.

«Алдын ала есептеулер бойынша, наурыз айынан бері Херсоннан 45%-ға жуық адам, облыстан әрбір бесінші адам кеткен. Бұл өте нашар көрсеткіш», — деп мәлімдеді Лагута.

ОВА басшысы ресми «жасыл дәліздердің» болмауына қарамастан, тұрғындар өз өмірін қатерге тігіп, өздігімен қаладан кетіп жатқанын хабарлады.

«Олар басында Александровка мен Снегиревка арқылы кетіп жатты. Кейін осы бағытты оккупанттар жауып тастады. Содан кейін тұрғындар Давидов Брид арқылы Кривой Рогқа барды, бірақ бір аптадан астам уақыт бойы бұл жолды да жауып тастады. Ауылдарда адамдар жаяу, велосипедпен, өзен арқылы жүзіп өткенін білемін. Олар барлық дүние-мүлкін, үйлерін, малдардын қалдырып кетті», — деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Лагутаның мәліметінше, Херсон мен облыс тұрғындарының басым бөлігі Николаев және Днепр бағытына эвакуацияланған.

Херсон облысының әкімшілігі облыстың ең зардап шеккен — Высокополье, Нововоронцовка, Великая Александровка және Калиновское аудандарынан гуманитарлық дәліз ашу туралы келіссөздер жүргізуде.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі Ресей Херсонға ұзақ уақытқа бақылау орнатқысы келетінін мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий