Харьков облысының басшысы Ганчев Ресей әскері қарсыласының қуатты шабуылына байланысты кері шегінгенін айтты.
Харьков бағытындағы Ресей әскерлері жеке құрамын сақтау үшін кері шегінді, себебі Украина әскерінің саны бірнеше есе көп болды. Бұл туралы Харьков облысының басшысы Виталий Ганчев айтты.
«Егер Украина әскерінің контршабуылына жұмылдырылған әскер саны туралы айтатын болсақ, ол біздің әскерімізден шамамен сегіз есеге асып түседі, одан кем емес. Сондықтан жеке құрамды сақтау үшін кері шегініп, қайта топтасу туралы шешім қабылданды деп ойлаймын», — деп хабарлады Харьков облысы әкімшілігінің басшысы Виталий Ганчев.
Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) Харьков облысында Балаклея, Купянск және Изюм қалалары бағытында шабуылы туралы 8 қыркүйекте белгілі болды.