Харьков облысы бойынша ҰҚҚ-ның бұрынғы басшысы ұсталды

Харьков облысы қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол басқарманы биылғы жылдың мамыр айының соңына дейін басқарды.

Бұл туралы Украинаның Қоғамдық телерадиокомпаниясы құқық қорғау органдарындағы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, Дудин Украинаның батысындағы облыстардың бірінде ұсталды. Журналистер Мемлекеттік тергеу бюросынан және арнайы қызметтің экс-басшысынан түсініктеме ала алмады.

Украина президенті Владимир Зеленский 29 мамырда Харьков облысына барған сапарынан кейін Дудинді қызметінен босатты. Сол кезде Зеленский бұрынғы ҰҚҚ басшысы «кең ауқымды соғыстың алғашқы күндерінен бастап қаланы қорғамай, тек өз қара басын ойлағанын» айтты.

Шілде айында Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Иван Баканов пен Бас прокурор Ирина Венедиктованы қызметінен босатты. Украина президентінің айтуынша, елде мемлекетке опасыздық бойынша бірнеше жүздеген істер тергелуде, ал 60-тан астам тәртіп сақшылары басып алынған аумақта қалып қойып, Киевтің мүддесіне қарсы әрекет етуде. Бұл үшін жауапкершілік ведомство басшыларына жүктеледі, деп есептейді Зеленский.

Роман Дудин 2020 жылдың наурызынан бастап Харьков облысындағы ҰҚҚ басқармасын басқарды.

2022 жылдың ақпан айында Ресей Украина аумағына баса-көктеп кірмес бұрын Дудин облысқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын, ҰҚҚ шекарадағы жағдайды мұқият қадағалап отыр деп сендірді.

Дудин қызметінен кеткеннен кейін Киевтің бақылауындағы билік пен әскерилерді сынға алып, видео мен хабарламалар жариялады, деп атап көрсетеді Украинаның Қоғамдық телерадиокомпаниясы.

Добавить комментарий