Халықаралық сарапшылар ресейлік активтерді тәркілеуді қолдады

Халықаралық сарапшылар тобы G7 елдерінің өкілдеріне Орталық банктің қаражатын, бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу халықаралық құқыққа сәйкес келетінін айтып хат жолдады.

Ресейдің Украинадағы агрессиясына байланысты санкция салынғаннан кейін 300 миллиард долларға жуық қаражат бұғатталды. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық құқыққа сәйкес Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орнатылған ережелерді Ресей «өрескел бұзуына» байланысты «заңды қарсы шаралар» қабылдуаға болады.

Сарапшылардың ұсынысы бойынша, тәркіленген активтер Ресейдің заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды өтеу үшін пайдалану болып табылады. Хатқа АҚШ, Франция және Германияны қоса алғанда, түрлі елдерден келген халықаралық құқық бойынша он жетекші сарапшы қол қойды.

 

Добавить комментарий